16.07.2025, 01:30

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап, қайтыс болды

Фото: Pixabay

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізетін болды.

14 шілдеде жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға қала кәсіпорындарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізетін болды.

– Сырлау жұмыстарын жүргізген 54 жастағы ер адам астындағы баспалдақ сынғаннан кейін биіктіктен құлады. Жұмысшы басынан алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Ақмола облысы ПД.