Бауыржан Рапиков 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Рапиков Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бауыржан Рапиков 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы "Алпроф" ЖШС-де программист болып бастады, Алматы қ.
2009-2012 жылдары – "Қазгидромет" РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.
2012-2013 жылдары – "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" РМК "Мемжеркадастр ААЖ" жетекші маманы, басқарма бастығы.
2013-2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы.
2017-2018 жылдары – "Самұрык-Қазына" корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.
2018-2020 жылдары – "Қазгидромет" РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.
2020-2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.
2022-2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.