Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда.
Ақмола облысында мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысын пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шендінің ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мәлімдеді.
“Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда”, – делінген хабарламада.