Бүгін 22 шілде күні, Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта жарыссөз басталады.
21 шілде күні Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта өткен отырыс жабық режимде өтті. Күдікті Перизат Қайраттың анасы сотта жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі жарты күн бойы заттай дәлелдемелерді зерттелді. Сондай-ақ тараптар бірқатар өтініштерін оқыған. Алайда олардың не туралы өтініш екені және судьяның оларды қанағаттандырғаны немесе қанағаттандырмағаны белгісіз.
“Айыпталушы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева өз құқықтарын пайдаланып, жауап беруден бас тартты", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бүгін 22 шілде күні, Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта жарыссөз басталады.
Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.