Бұл талаптардың заңға қайшы екенін Сауда министрлігі жанындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті растады.
6 шілдеде Алматыда Земфираның концерті өтуі тиіс еді. Бірақ шара кейінге қалдырылды. Алайда әншінің жанкүйерлері күтпеген қиындыққа тап болды: өтпей қалған шара үшін билет құнын толық қайтарып алу мүмкін болмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Zakazbiletov.kz билеттің 10 пайызын «комиссия» деп ұстап қалды. 2GIS-тегі компания рейтингі наразылыққа толы пікірлерден кейін күрт төмендеді. Бірақ сервис өкілдері өздерін дұрыс деп санайды.
Олардың айтуынша, сатып алушылар билет алған кезде оферта шарттарымен келіседі. Сатылған билеттердің нақты саны туралы ресми ақпарат алу мүмкін болмады. Компания басшылығы редакцияның сұрақтарына дер кезінде жауап бермеді. Дегенмен, стадион сыйымдылығын 20 мың адам деп алсақ, билет операторы өтпей қалған концерттен-ақ миллиондаған теңге табыс көргені анық.
"Сервистік жинақ — бұл ресімдеу қызметі үшін төлем. Ол шара өтсе де, өтпесе де қайтарылмайды. Барлық шарттар офертада көрсетілген. Ешкімді билет алуға мәжбүрлеген жоқпыз…", — деп түсіндірді компания өкілдері 2GIS-тегі пікірлердің біріне.
Дегенмен, қандай «ресімдеу қызметі» көрсетілгені түсініксіз, себебі сатып алушылардың ешқайсысы қолына билет ала алмады. Билеттер шараға бірнеше күн қалғанда жіберілуі керек болатын. Бұл талаптардың заңға қайшы екенін Сауда министрлігі жанындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті растады.