$ 541.93  636.71  6.83

Екібастұзда бойжеткенді өлімші етіп сабаған: күдікті ұнтақ беріп, тұншықтырмақ болған

Оның сөзінше, полиция келген соң да қылмыс орны дұрыс тексерілмеген: айғақтар мен қан іздері тіркелмей, күдікті бастапқыда босатылған.

Фото: Instagram/lamibrows_tigrees
Фото: Instagram/lamibrows_tigrees

Екібастұзда бұрынғы жігіті бойжеткенді аяусыз соққыға жығып, өлімші халге түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны басынан қабырға мен еденге соғып, тұншықтырып, теуіп, белгісіз ұнтақтар мен таблеткаларды жұтқызуға тырысқан.

"Ол бәрін суыққанды түрде істеді. Бұл менің өмірімді қиюға жасалған әрекет еді", — дейді бойжеткен.

Оның сөзінше, полиция келген соң да қылмыс орны дұрыс тексерілмеген: айғақтар мен қан іздері тіркелмей, күдікті бастапқыда босатылған. Дегенмен, кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оған «Дене жарақаттарын салу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жәбірленуші істі ауыр бапқа ауыстырып, әділ жаза талап етіп, қоғамнан қолдау сұрауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары