$ 531.96  622.45  6.79

13 өңірде аптап ыстық: Бүгін ауа температурасы жоғары болады

Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2025 жылғы 23 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша:

Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады – найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте күндіз бұршақ күтіледі. Елдің басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жел күшейіп, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

Күндіз аптап ыстық болатын өңірлер:

  • Маңғыстау облысы – +38…+40°C;
  • Батыс Қазақстан облысы – +35…+36°C;
  • Атырау облысы – +35…+39°C;
  • Жетісу облысы – +35…+37°C;
  • Алматы облысы – +35…+39°C;
  • Жамбыл облысы – +35…+39°C;
  • Түркістан облысы – +40…+42°C;
  • Қызылорда облысы – +40…+42°C;
  • Ұлытау облысы – +35…+38°C;
  • Қостанай облысының оңтүстігі – +35°C;
  • Ақтөбе облысы – +35°C.

Өте қатты ыстық болжанып отырған өңірлер:

  • Алматы облысының батысы мен солтүстігі – +42°C дейін;
  • Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы – +40°C дейін.

Жоғары өрт қаупі:

  • ШҚО, Абай облысы;
  • Қостанай облысының батысы мен шығысы;
  • Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысы;
  • Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығы;
  • Атырау облысының батысы;
  • Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысы;
  • Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысы;
  • Павлодар облысының батысы, оңтүстігі және шығысы.

Төтенше өрт қаупі:

  • Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары;
  • Жетісу, Ұлытау, Жамбыл облыстары;
  • Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысы;
  • Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы;
  • Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігі;
  • Батыс Қазақстан облысының орталығы мен шығысы;
  • Қостанай облысының оңтүстігі;
  • Абай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары