$ 542.03  627.29  6.66

«Қызын уақытында тоқтатуы керек еді»: Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасын да қатаң жазалауды сұрады

Жарыссөзде 12 жәбір көруші сөз сөйледі. 

Фото: instagram.com/01pk
Фото: instagram.com/01pk

Астанада "3,5 миллиард теңгені жымқырды" деген күдікпен ұсталған ерікті Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасын тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жарыссөзде 12 жәбір көруші сөз сөйледі. 

Олардың арасында айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қатаң пікір білдіргендер де бар. 

Іс бойынша жәбірленуші Руслан Томашев Перизат Қайрат басқарған қорға нақты қанша ақша аударғанына тоқталмады. Бірақ, ол "күдіктілерді аямау керек" деген принципті ұстанатындай.

"Мен шығарылған шешіммен толықтай келісемін. Мұнда көптеген жәбірленуші егде жастағы Ғайни Алашбаеваның жағдайына байланысты жеңілдік сұрап жатыр. Меніңше, мұндай нәрселерді түбегейлі тоқтату керек. Дертіне, жасына, басқа да себептерге қарамай, үкімді өзгеріссіз қалдырып, ешқандай жеңілдік бермеу қажет", – деді ол. 

Тағы бір жәбір көруші Амина Айманбетова болса, "Ғайни Алашбаева қызының әрекетін бақылауда ұстап, уақытында тоқтатуы керек еді" деген пікірде. 

"Менің ойымша, барынша қатаң жазалау керек. Себебі, егер анасы үшін сұралса, ол қайда қараған? Қызын тоқтатып, осындай миллиардтарды ұрлауға жол бермеуі керек еді, – деп нақтылады ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары