$ 544.87  639.02  6.88

«Жемқорлық схемаларына қатысудан бас тарттым»: Жамбылда мемлекеттік қызметкер басшылықты әшкереледі (ВИДЕО)

Ол қысым көріп келе жатқанын да айтты. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Нұрсұлтан Булатбеков Президентке бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол инспекция басшысы Ерлан Ермекбаев пен бөлім басшысы Ербол Құлымбетті жүйелі түрде пара алу мен беру, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, заңсыз қамқорлық жасау және түрлі жемқорлық әрекеттерге барды деп айыптады.

Нұрсұлтан Булатбеков бірнеше жылдан бері парақорлық пен заңсыз схемаларға қатысудан бас тартқаны үшін қысым көріп келе жатқанын айтты. Ол 18 шілде күні тиісті органдарға ресми түрде арызданған. Алайда, осы уақытқа дейін ешқандай шара қабылданбаған.

HALYQSTAN тілшісінің анықтауынша, оның шағымдары Президент әкімшілігіне, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне, сол уақыттағы әрекет етіп тұрған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және Бас прокуратураға жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары