$ 537.75  626.43  6.71

Үржарда жүргізуші басып өткен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Үшінші зардап шеккен бала аудандық ауруханада, өте ауыр жағдайда жатқан көрінеді. 

 

Фото: t.me/DenMinPR
Фото: t.me/DenMinPR

Абай облысында көлік қағып кеткен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апатында жараланған екі бала санитралық авиация арқылы Астанаға әкелініп, қаладағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған. Денсаулық сақтау министрі ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысты. 

Дәрігерлердің айтуынша, жарақаттық шок жағдайында, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен 6 жастағы баланың жағдайы тұрақтанып, бүгін жансақтау бөлімінен кәдімгі палатаға ауыстырылған. Ал оның 9 жастағы әпкесі жасанды тыныс алу аппаратымен жансақтау бөлімінде жатыр. 

Үшінші зардап шеккен бала аудандық ауруханада, өте ауыр жағдайда жатқан көрінеді. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зардап шеккен балаларды емдеу барысын ерекше бақылауда ұстайтыны атап өтті. 

"Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық болып табылады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін", – деді Ақмарал Әлназарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары