26.08.2025, 11:50

Премьер-министр бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалануды тапсырды

Фото: primeminister.kz

Үкімет алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын мақұлдады.

Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын мақұлдады. Олжас Бектенов шығындарды қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды.

«Республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілген. Барлық мемлекеттік органдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы пайдалану, сондай-ақ шығындарды қатаң бақылауда ұстау маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет Аппаратымен бірлесе отырып заң жобаларын Парламентке 1 қыркүйекке дейін енгізу тапсырылды.