Ал Ақтау қаласында жылу желілерін жөндеу қарқыны тым төмен.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңірлердің қысқа дайындығы бойынша әкімдердің баяндамасын тыңдап, қатаң сынға алды. Ол жұмыстың баяу жүріп жатқанын атап өтіп, бірқатар өңірлерде елеулі проблемалар бар екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бектеновтың сөзінше, Ақмола облысындағы Степногорск жылу электр орталығында резервтік қазандықты жөндеу әлі аяқталмаған. Маңғыстау облысында жылу электр орталығындағы екі турбинаны жөндеу мерзімі кейінге шегерілген. Ал Ақтау қаласында жылу желілерін жөндеу қарқыны тым төмен.
«Мұндай жағдайлар әкімдердің жоспарлауды дұрыс жолға қоя алмағанын және бақылаудың әлсіз екенін көрсетеді. Кейбір облыстарда қысқа дайындық бойынша жұмыстар мардымсыз жүріп жатыр. Егер үйлестіру мен бақылау күшейтілсе, көптеген мәселені уақытында шешуге болады», – деді Бектенов.
Оның айтуынша, қазіргі жағдай елдің жылу маусымына дайындығы толық емес екенін көрсетеді. Сондықтан барлық өңірлерге жұмысты жеделдету тапсырылды.