26.08.2025, 12:50

Ресей қаржы таппады: Қазақстан ЖЭО-ны өзі салатын болды

Фото:Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Алайда қазіргі таңда ресейлік компания қаржы көзін таба алмай отыр.

Қазақстан мен Ресей үш жылу электр орталығын салу жөнінде үкіметаралық келісім жасаған еді. Жобаға ресейлік «Интер РАО» компаниясы қаржы тартып, Көкшетау, Семей және Өскемендегі ЖЭО-ларды салуы тиіс болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда қазіргі таңда ресейлік компания қаржы көзін таба алмай отыр. Соның салдарынан Көкшетаудағы жылу электр орталығын салу міндеті «Самұрық-Энергоға» жүктелді.

«Өскемен мен Семейдегі ЖЭО-ны да өзіміз салатын сияқтымыз», – деді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.