$ 537.63  622.52  6.69

«Бұрын-соңды болмаған той»: Ұзатуын «барби» стилінде жасаған қалыңдық қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Ұзату тойын барби стилінде жасады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанда Адина есімді қалыңдық ұзату тойында қонақтардың назарын ерекше қойылыммен аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол дәстүрлі сахнаға шығудың орнына барби қуыршағының қорабына ұқсас үлкен қораптың ішіне кіріп, көпшілік алдына шыққан. Ұзату тойын барби стилінде жасады. Қалыңдық отырған қорапты төрге қарай төрт жігіт итеріп әкелді. Бұл сәтті көрген қонақтар таңданысын жасыра алмай, бейнежазбаға түсіріп алған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бір бөлігі қалыңдықтың тың идеясын қолдаса, енді біреулері мұндай өзгеше образды түсінбей, сынға алды.

Айта кетсек, бұған дейін де қалыңдықтың қайықпен сахнаға шыққан видеосы таралып, жұртшылық арасында қызу талқыға түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары