27.08.2025, 22:30

Air Astana басшыларына айына 5 млн теңге жалақы төленген

Фото: © Depositphotos/brokenrecords

Компанияның директорлар кеңесінде 9 адам бар.

Air Astana 2024 жылы басшыларына 525 млн теңгеден астам ақша берген. Бұл ақшаға жалақы, сыйақы мен бонустар кіреді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Компанияның директорлар кеңесінде 9 адам бар. Оны Питер Фостер басқарады. Кеңесте бірнеше шетелдік те отыр.

Орташа есеппен әр топ-менеджер айына 4,8 млн теңге алған.

Бұған қоса, көктемде компания акционерлеріне 19 млрд теңге дивиденд таратқан.

Тегтер: жалақы Air Astana