Бұған дейін Kcell мен Activ абоненттері де ауқымды техникалық ақау кесірінен біраз уақыт байланыссыз қалған еді.
Соңғы күндері қазақстандықтар интернеттің баяулауына және мессенджерлердің істемей қалуына наразылық білдіруде. Әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерге қарағанда, YouTube қолжетімсіз, банктік қосымшаларда ақаулар бар, ал жұмыс чаттарына кіру мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Азаматтар «Бұл не, интернетті бұғаттай бастады ма?», «Неге ешкім түсіндірмейді?», «Кеше Activ істемей қалды, бүгін YouTube ашылмай тұр» деп жазып жатыр. Алматыда да бірқатар аудандарда интернет өшірілгені айтылды. Көпшілік «Қазтелекомға хабарласа алмаймыз» деп шағымдануда. Бұған дейін Kcell мен Activ абоненттері де ауқымды техникалық ақау кесірінен біраз уақыт байланыссыз қалған еді. Қазіргі басты сын – операторлардың ресми ескерту жасамауы. Уақтылы төлем жүргізген абоненттерге қызмет сапасы нашарлап, ал қандай да бір түсініктеме берілмеген.