06.09.2025, 10:30

Тағы да суицид: Шымкентте 14 жастағы оқушының денесі үй ауласынан табылды

Фото: Pixabay

Туыстары өлімге буллинг себеп болуы мүмкін дейді. 

Шымкентте 9-сынып оқушысы үйінің ауласындағы сарайда өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туыстары өлімге буллинг себеп болуы мүмкін дейді. 

14 жастағы жеткіншектің денесін жұмыстан келгенде анасы тауып алған. Туыстары баланың өз-өзіне қол жұмсар алдында телефонына жазба қалдырғанын айтты.

Онда ол: "Енді сендер мені ұра алмайсыңдар. Енді мені мүлде көрмейсіңдер" деп жазған. Хабарламада марқұм төрт сыныптасының аты-жөнін көрсеткен.

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға алдында жасөспірім ағасына сыныптастарының қысым көрсетіп жүргенін айтып, көмек сұраған. Жасөспірім оқыған  №32 орта мектеп жазбада аты аталған оқушылардың марқұмның сыныптасы екенін растады. Дегенмен олардың арасында болған кикілжің фактісін жоққа шығарды.

"Бізде оның мектепте қорлық көргені туралы мәлімет жоқ. Оқиғаға дейін төбелес болмаған. Оны ұрып-соққан жоқ", – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан Төлеева.

Полицейлер кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.