Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Руслан Желдібай бұрын Президенттің кеңесшісі қызметін атқарған.