Туыстары әділдік талап етуде, себебі жағдай өте күмәнді.
17 жастағы жасөспірім Астанадағы «КазПолимерСтрой» ЖШС құрылыс алаңында қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аздап табыс табайын деп, ол ор қазуға барған. Сол сәтте үстіне бетон тақта құлап, бірден көз жұмған…
Бірақ бұл бәрі емес. Туыстары әділдік талап етуде, себебі жағдай өте күмәнді.
Марқұмның анасы көз жасын тыя алмай, камаз жүргізушісі мен краншы есірткі әсерінде болғанын айтты.
Полиция тергеу жүргізілетінін және қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Ұлы жұмысқа кіріскен бірінші күні-ақ көз жұмды.