«Кім өтемақы төлейді?»
Көкшетау қаласында Назарбаев даңғылы бойындағы су құбыры жарылып, бірнеше аула мен тұрақ су астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Таңертең болған апат салдарынан тұрғын үйлермен қатар, тұрақтағы көліктер де суға батып, зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, су көліктердің салоны мен жүксалғышына дейін кіріп, кейбір темір тұлпарлар жарамсыз күйге түскен. Ашынған тұрғындар: «Кім өтемақы төлейді?» — деп наразылық білдіруде.
Маман кеңесі бойынша, көлік иелері сақтандыру компанияларына жүгінуі керек. Егер полисте мұндай жағдайлар қарастырылса, шығынның бір бөлігі өтеледі. Ал сақтандырусыз көліктерді жөндеу иелерінің өз қалтасынан төленеді. Қала тұрғындары жауапты коммуналдық қызметтердің бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, кінәлілерді анықтайтынына үміт артып отыр.