17.10.2025, 18:00

«50-де келін атанды»: өмірінің екінші жартысында өз бақытына жолыққан әйелдің видеосы жұртты жылатты

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл видео көп әйелге үміт сыйлады.

Әлеуметтік желіде орта жаста тұрмысқа шыққан келіншектің видеосы кең тарады. Кадрда ақ жаулық тағып, беташар рәсімінен өтіп жатқан әйелдің қуанышына куә болған жұрт «өмірде ештеңе кеш емес» деп жазуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Пайдаланушылардың айтуынша, ол әйел ұзақ жыл бойы жалғыз тұрып, өмірлік серігін енді тапқан. Қазір желіде оған қолдау білдіріп, «бақыт ешқашан жаспен өлшенбейді», «жүрек жасамайды» деген жылы пікірлер көптеп жазылуда. Бұл видео көп әйелге үміт сыйлады. Көпшілік оны шын бақыттың дәлелі, өмірдің жаңа парағын ашқан ананың оқиғасы деп бағалап жатыр.