$ 536.32  626.9  6.6

«Жүрегім қан жылап тұр»: Алматыда 1 жасар қыз көз жұмды

Фатима Рымқұлова бір апта бұрын бір жасар қызынан айырылды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда бір жасар қыздың өлімі тергеліп жатыр. Ол балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қаза болды. Ата-анасы кішкентай қызға қате диагноз қойылғанына сенімді және баланың өліміне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фатима Рымқұлова бір апта бұрын бір жасар қызынан айырылды. Сөздерінше, бұл жайтқа дәрігерлер кінәлі. Бірақ мамандар қолдан келгеннің бәрін жасағандарын айтады.

"Бізге ауру тарихын ұзақ уақыт бермеді. Сағат 11:40-та баланың жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Менің қызым сондай ақкөңіл, тәтті, белсенді, өте ақылды еді. Бір жас 11 ай болса да, сөйлеп, өз бетімен горшокқа баратын. Жүрегім қан жылап тұр", – Фатима Рымқұлова: .

Кішкентай Елдананың іші ауырған екен. Ол жедел жәрдеммен балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Онда кішкентай қызға энтеровирустық инфекция диагнозы қойылған. Ол бес күн емделді, бірақ жағдайы нашарлады.

Тек сараптамадан кейін ғана оның ішегі ісінгеннен қаза болғаны белгілі болды. Оның отбасы дәрігерлерді немқұрайлылық танытты деп айыптап, полицияға арыз жазған.

"Қазір бұл оқиғаға байланысты денсаулық сақтау министрлігіне, денсаулық сақтау басқармасына, прокуратураға арыз түсті. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Яғни қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен Қылмыстық кодексінің 317-бабы “Кәсіби міндеттерді дұрыс орындамау” бойынша сараланбаған”, – деді заңгер Аида Қуандықова.

Алайда дәрігер өзін кінәлі деп санамайды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы да дәрігерлердің кінәсін анықтауға тырысып жатыр. Олар комиссия шақыртқан.

"Жағдайды объективті және жан-жақты талдау үшін денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне тексеру жүргізуге байланысты хат жолданды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары бойынша түпкілікті қорытындылар уәкілетті органның тергеп-тексеруінен кейін, сондай-ақ сот сараптамасы аяқталғаннан кейін беріледі. Қазір құқық қорғау органдары бір жасар Елдананың өліміне кім кінәлі екенін анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ата-анасы қызының өліміне кінәлілер жазаланады деп үміттенеді", – деп мәлімдеді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары