$ 508.2  589.82  6.54

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтпейтін болды

7-желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы Америкада үш титулды біріктіру үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. 

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық былғары қолғап шебері допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таңқалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Осы орайда америкалық журналист Дэн Рафаэль допинг сынамасының нәтижесін жариялады. 

«Шұғыл жаңалық. Мен орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлына қатысты VADA есебінің көшірмесін алдым. Онда тыйым салынған мельдоний препаратына оң нәтиже көрсетілген. Оның Эрисланди Ларамен сенбіге жоспарланған біріккен жекпе-жегі тоқтатылды, деп хабарлайды PBC. Қазіргі уақытта Лараға жаңа қарсылас іздестіріліп жатыр. Бұл тест туралы алғаш болып The Ring жазды. Міне, хаттың өзі», — деп мәлімдеді америкалық журналист Дэн Рафаэль Х әлеуметтік желісінде.

Ал, Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы жекпе-жек кешінің ұйымдастырушылары ретінде Лараға қарсылас 34 жастағы колумбиялық боксшы Йохан Гонсалестің (36-4, 24 KO) шаршы алаңға шығатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 7
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары