09.12.2025, 18:10

Қызылордадағы балабақша маңының күйі ата-аналардың ашуын туғызды

Фото: видеодан скриншот

Қаладағы қай мемлекеттік балабақшаға қаражат жетпей жатқанын халық өзі-ақ байқап отыр.

 

Қызылордада №14 «Самал» балабақшасының маңының күйі ата-аналардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада балабақшаға баратын жолдың ойылып, ескіріп, балаларға мүлдем қолайсыз екені анық көрінеді. Ата-аналар «осы жер расымен күнде бала келетін орынға ұқсай ма?» деп күйінеді. Жеті қазынаға балайтын перзентін көтеріп келген ата-ана есіктен кіргеннен кейін көңілі су сепкендей басылғанын айтады. Жеке балабақшалардың іші-сырты жарқырап тұрса, мемлекеттік мекемелердің жағдайы жұтаң күйінде қалып отыр.

«Баламның өзі жүгіріп кіріп, ‘мама, пока’ деп мәз болды, бірақ сыртқы көрініс көңілге қаяу салады», – дейді тұрғындардың бірі.

Қаладағы қай мемлекеттік балабақшаға қаражат жетпей жатқанын халық өзі-ақ байқап отыр. Ата-аналар бұл жағдайды жылдар бойы шешпей келе жатқан қала әкімдігін айыптайды.