10.12.2025, 11:50

Қостанай облысында жеке үй түгі қалмай жанып кетті

Фото: видео скриншот

Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында жеке үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт тұрғын үйдің шатырынан шыққан. Қазір құтқарушылар жағдайды анықтап жатыр. Оқиғаның салдары мен себептері тексеріліп жатыр.