$ 522.38  612.6  6.54

Қарағандыда логопед баланы бір жыл бойы ұрып келген (ВИДЕО)

Ата-ана бұл жағдайды жариялауға мәжбүр болғанын айтады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағандыда бір жыл бойы логопедке барып жүрген баланың ата-анасы күтпеген жағдайға тап болды. Айтуларынша, сабақ соңына таяғанда әкесі баласының немен айналысып отырғанын көру үшін телефонды жоғары көтеріп, кабинеттегі шағын терезе арқылы видео түсірген. Сол сәтте жазбада логопедтің баланы басынан ұрғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат агенттігі.

Ата-ананың айтуынша, осы уақытқа дейін ешқандай күдік болмаған. Олар логопедке толық сеніп келген. Видео көрген кезде отбасы үлкен шок алғанын айтады.

Оқиға болған бойда ата-аналар баласын сабақтан алып кеткен. Логопед жағдайды түсіндіре алмаған. Кейін ол хабарласқанымен, ата-ана жауап бермегенін, алайда маманның бірде-бір жазбаша түсініктеме немесе кешірім сұрамағанын жеткізді.

Ата-ана бұл жағдайды жариялауға мәжбүр болғанын айтады. Себебі осы логопедке күн сайын көптеген балалар келеді. Мұндай әрекет басқа балаларға жасалды ма, жоқ па — белгісіз.

«Бір жыл бойы ештеңеге күмәнданбадық. Бәрі кездейсоқ ашылды. Ең ауыры — біз бұны тіпті елестете де алмадық. Енді ата-аналар өздері шешеді: сабаққа бара ма, жоқ па. Бірақ мұны жұрт білуі керек», — дейді баланың анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары