$ 522.38  612.6  6.54

Өскеменде Beeline орталығында халық шу шығарды

Халық оператордан шұғыл түсініктеме мен нақты шара күтеді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өскемендегі Beeline сервис-орталықтарында соңғы күндері үлкен ажиотаж туындады. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда тұрғындардың кезекте сағаттап отырғаны, ашулы дауыстар мен шағымдар естіліп жатқаны анық көрінеді. Жұрт оператормен байланыс мүлдем нашарлап кеткенін айтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодағы адамдар:
«Не істеп қойған? Бұл - басынғандық! Байланыс мүлде ұстамайды», – деп күйінеді.

Пікірлерде халықтың ашуы одан сайын айқын сезіледі. Желі қолданушылары:
«Beeline - ең нашар байланыс»
«Түк пайда жоқ, оператор көмектеспейді»
«Мұндай байланыспен Қазақстаннан шығарып жіберу керек»
«Нөмірді тастап, басқа операторға өту қажет» - деп жазуда.


Бір тұрғын өз жағдайын былай түсіндірген:

«Айына 20 мың төлеймін. Интернет - сұмдық нашар, қоңырау да дұрыс жұмыс істемейді. Приложение Janymda екі айдан бері істемейді. Ақша салдым, бірақ тарифті жаңарта алмай отырмын. Call-центрге үш рет звандадым - мәселені ешкім шешпейді. Жұмысыма байланысты оператор ауыса алмаймын, амалсыз шыдап жүрмін».

Тағы бір тұрғын:

«Beeline өліп қалған. Ең беспонтовая связь болды», – деп жазған.

Қазіргі уақытта Өскемен тұрғындары байланыс сапасының күрт төмендеуіне қатысты жаппай шағымданып жатыр. Әлеуметтік желіде бұл мәселе үлкен резонанс жинап, видеолар мыңдаған қаралым алуда.

Халық оператордан шұғыл түсініктеме мен нақты шара күтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары