Қазіргі уақытта бұл мән-жайлар тексеріліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 31 желтоқсан таңертең Петропавлда тіркелген кісі өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы жағдай Ғабит Мүсірепов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған.
Алдын ала нұсқа бойынша, алкогольдік ішімдік ішу барысында 43 жастағы әйел мен оның 51 жастағы азаматтық жұбайының арасында жанжал шыққан. Қолда бар деректерге сәйкес, ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған. Әйел адамның айтуынша, жанжал кезінде күйеуі пышақты қолына алған, алайда ол пышақты жұлып алып, соққы жасағанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта бұл мән-жайлар тексеріліп жатыр.
Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.