Жерлеу рәсімі таңертең ауылдағы жергілікті зиратта өтті.
Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық ғимараттан табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы "Ақжайық" сілтеме жасап.
Марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.
Жерлеу рәсімі таңертең ауылдағы жергілікті зиратта өтті. Қаралы жиын ауыр жағдайда өтіп, көпшілік көз жасына ерік берді.
Әкімдіктің мәліметінше, марқұмдардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруды олардың туыстары өз мойындарына алған.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі бірдей із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді.
Кейін жүргізілген жедел шаралар барысында полиция ерлі-зайыптының мәйітін анықтады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам анықталып, оларға іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта жоғалып кеткен тағы екі адамның қайда екені белгісіз. Құқық қорғау органдары оларды табуға бағытталған іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.