Тексеру барысында екі ер адам арасында жанжал болғаны белгілі болды.
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері қалалық инфрақұрылымға зиян келтіру дерегін анықтады. Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан жылы аялдаманың есігінің әйнегі сынған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тексеру барысында екі ер адам арасында жанжал болғаны белгілі болды.
Олардың бірі аялдамадан шығып, бөтелкені алып, есіктің әйнегін әдейі ұрып сындырғаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Құқық бұзушыға қатысты іс қозғалды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.