$ 509.94  593.88  6.43

Ақтөбеде алаяқтық жасап, пара берген әскери қызметкерлер сотталды

 Тағы төрт әскери қызметкер пара бергені үшін сотты болды.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті кадрлар және саптық бөлімшесінің бастығы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті кадрлар және саптық бөлімшесінің 25 жастағы бастығына Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық», Тараз қаласындағы 42062 әскери бөлімінің офицер — психологі, Талдықорған қаласындағы 54380 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің офицері, Астана қаласындағы 68665 әскери бөлімі «Арнасай» шабуылдау батальоны шабуылдау ротасының командирі, шабуылдау батальоны командирінің орынбасарына «Пара беру» бабы бойынша айып тағылды. Бұл тізімде Ырғыз ауданы қорғаныс бөлімінің бастығы да бар. Оған қатысты іс қысқартылды. Себебі әскери қызметкер суицид жасады.

Іс материалына сүйенсек, Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті кадрлар және саптық бөлімшесінің бастығы қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады. Құмар ойынға әуес сотталушы әскери қызметкерлерді кез келген бөлімге ауыстыруға уәде береді. 2024 жылы 30212 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына Астана қаласында орналасқан әскери бөлімдердің біріне ауыстыра алатынын айтады. Одан барлығы 2 млн теңге алып, букмекерлік кеңседе бәс тігеді.

Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті кадрлар және саптық бөлімшесінің бастығы осы жолмен 1,5 млн теңге, 1 млн теңге және 150 000 теңге алып, ақшаны құмар ойынға салып отырған. Сот отырысында сотталушылар тағылған айыпты мойындамады.

Сот үкімімен Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті кадрлар және саптық бөлімшесінің бастығы «Алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша айыпталған екі сотталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір сотталушыға параның 20 еселенген мөлшері, яғни, 3 000 000 теңге айыппұл тағайындалды. Бәрі де әскери шенінен айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары