Жоспарлы жұмыстар 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
"Казтелерадио"АО ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Осыған байланысты телеарналар уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жоспарлы жұмыстар 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Жұмыстар жүргізілген уақытта келесі қызметтерде уақытша үзілістер болуы мүмкін:
Компания бұл шаралардың жоспарлы екенін және телерадиожелілердің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. "Казтелерадио" АО абоненттерден мүмкін болатын уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, пайдаланушыларға түсіністік білдіргені үшін алғыс айтты.