Мәліметке сүйенсек, ұл баланы сенбі күні жерлеген, ал қыз баланы ертең жерлейді.
Екібастұзда екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Kerek.pv Telegram желісіндегі арнасында бір ұл бала мен бір қыздың қаза болғаны туралы ақпарат жарияланды. Мәліметке сүйенсек, ұл баланы сенбі күні жерлеген, ал қыз баланы ертең жерлейді.
«Өз-өзіне қол жұмсау деректері бойынша полиция қылмыстық істер қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.