30.01.2026, 16:20

«Түрі ұнамаған»: Шымкентте ер адам көшедегі әйелді не үшін пышақтағаны белгілі болды

Фото: Pixabay

Ол мұнымен қоймай, полицияға да қарсылық көрсеткен.

Қылмыс қаланың қақ ортасында болған, — деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 41 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Күдіктінің айтуынша, мұндай жауыздыққа баруына марқұмның түр-әлпеті ұнамағаны себеп болыпты. Ол мұнымен қоймай, полицияға да қарсылық көрсеткен. Сол себепті тәртіп сақшылары оны ұстағанда қару қолдануға мәжбүр болған.

Күдікті жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін де сотты болған күдіктіге «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Шымкент ПД бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев.