$ 496  588.01  6.42

Ақтауда бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Полиция департаменті әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты растады. 

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Әлеуметтік желілерде биыл 30 қаңтарда жоғалып кеткен 38 жастағы Ақтау тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полиция департаменті әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты растады. 

Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары соңғы қорытындыларды кейінірек жариялайтындарын мәлімдеді.

Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-шағынауданда орналасқан үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған. Полиция қызметкерлері тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0