$ 496  588.01  6.42

Жетісу облысында 5 көлік апатқа ұшырады

Оқиға салдарынан 6 адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген.

Фото: ©istockphoto.com
Фото: ©istockphoto.com

Жетісу облысындағы «Үшарал — Достық» тас жолында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жолдың жабық екеніне қарамастан, бес жеңіл көлік тыйым салынған аймаққа шығып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 ақпаннан бері жол жабық. Алайда бес жүргізуші қауіпсіздік талаптарын елемей, жабық жолға шығып, апатқа ұшыраған.

Оқиға салдарынан 6 адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр.

Тәртіп сақшылары қозғалысқа тыйым салынған тас жолға шыққан жолаушылардың заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

«Ресми жабылған жолға шығу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске сала кетейік, аталған жолдағы шектеу 17 ақпан сағат 09:00-ге дейін күшінде болады. Құқық қорғау органдары жолаушыларды ережені қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0