$ 496  588.01  6.42

Бадамдағы дамбаға зақым келді: 2,7 млрд теңгелік нысанға кім жауап береді?

Онда өзен арнасының қатты ағысы мен бетон құрылымының бүлінген тұсы көрсетілген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкент қаласы аумағындағы Бадам өзенінде орналасқан дамбаның бір бөлігіне зақым келгені әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Онда өзен арнасының қатты ағысы мен бетон құрылымының бүлінген тұсы көрсетілген. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, гидротехникалық нысанның шамамен 40 метр бетон бөлігіне зақым келгенін растады.

Ресми мәліметке сүйенсек, бүліну өзен түбінен тасты заңсыз қазған белгісіз тұлғалардың әрекетінен болған. Қазір құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда су тасқыны қаупі жоқ, ал зақымданған бөлік мердігер есебінен қалпына келтіріледі, себебі нысан 2032 жылға дейін кепілдікте. Айта кетейік, Бадам өзеніндегі дамба құрылысына бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлініп, жоба 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген.

Видео: @halyqpresskz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1