Айта кетейік, Атырау облысында соңғы екі жылда дәл осы бағыттағы субсидиялау тоқтатылған.
Атырау облысында мал шығынына қатысты жағдай алаңдаушылық туғызды. Әсіресе Исатай ауданындағы шаруалар төрт түліктің жаппай қырылып жатқанын айтып, мәселе көтерген. Бұл жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановқа сауал жолданып, ол аталған жайттан хабардар екенін мәлімдеді.
Вице-министрдің сөзінше, бүгінде Маңғыстау, Ұлытау және Атырау облыстарында жем-шөп тапшылығы өткір сезіліп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдіктері бюджет мүмкіндігіне қарай субсидия бөлу мәселесін қарастыруда.
Айта кетейік, Атырау облысында соңғы екі жылда дәл осы бағыттағы субсидиялау тоқтатылған.