$ 489.3  578.94  6.38

Зерендіде кәріз суы көлге айналды: Халық сасық иістен көз ашпай отыр

Елді мекен аумағында кәріз суы жер бетіне шығып, жинала-жинала шағын көлшікке айналған

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Ақмола облысы, Зеренді ауылында тұрғындар бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан экологиялық мәселеге алаңдаулы, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Елді мекен аумағында кәріз суы жер бетіне шығып, жинала-жинала шағын көлшікке айналған. Лас су айналаға жайылып, әсіресе Зеренді аудандық ауруханасының маңын батпаққа айналдырған. Ем іздеп келетін мекеме іргесіндегі бұл көрініс тұрғындардың наразылығын күшейтіп отыр.

Күн жылыған сайын жағдай тіпті қиындай түскен. Нәжіске тән өткір иіс қосылып, жергілікті халықтың айтуынша, қолқаны қабатын сасық иіс бүкіл аумаққа тараған. Кәріз суы жыл он екі ай бойы тоқтаусыз ағады: жазда топыраққа сіңіп, аса байқала қоймаса, қыста қатып, мәселе анық көрінеді. Тұрғындар экология қызметінен нақты шара күтетінін айтып дабыл қағуда.

Курорттық аймақ саналатын Зерендіде мұндай антисанитарлық жағдайдың қалыптасуы демалушыларға да, жергілікті халыққа да қауіп төндіріп отыр. Алайда жылдар бойы шешілмеген бұл мәселеге жергілікті әкімдік тарапынан нақты әрі нәтижелі әрекет көрінбей отырғаны жұрттың ашу-ызасын күшейткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1