$ 489.3  578.94  6.38

«Ауызашарымның тізімінде атақты, қарны тоқ адамдар жоқ»: танымал блогер көпшілікке үндеу жасады

Осы жылы құдай қаласа, 30 күн ауызашар беруге ниеттімін.

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Психолог, блогер Балқия Балтабай көпшілікке үндеу жасады. Ол Instagramжелісінде жариялаған видеода Рамазан айында 30 күн бойы ауызашар беретінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Instagram желісінде жариялаған видеода Рамазан айында 30 күн бойы ауызашар беретінін айтты.

«Үндеу салғым келіп тұр. Осы жылы құдай қаласа, 30 күн ауызашар беруге ниеттімін. Бірақ, менің ауызашарларымның тізімінде ешқандай атақты, қарны тоқ бай адамдар, онсыз да күнде ет жеп жүрген адамдар жоқ. Ауызашар бергісі келетін жағдайы бар кісілерге айтқым келетіні, ауызашар бергіңіз келсе, студенттерге, көп балалы, жалғызбасты аналарға, секілді адамдар көп қой. Күнде ет жеп, тойып жүрген, тамағы бар, өзі ауызашар беріп жүрген адамдарға ауызашар берудің қажеті жоқ деп ойлаймын», — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0