$ 489.3  578.94  6.38

Қызылордада бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жықты (ВИДЕО)

Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қызылордада бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 18 ақпанда сағат 21: 00 шамасында сол жағалаудағы №55 үйдің ауласында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бірнеше жасөспірім бір балаға шабуыл жасап, оны аяусыз соққыға жыққан.

Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Оқиғаға қатысушылар жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0