$ 494.66  581.87  6.43

Алматы тауында ер адам қар көшкінінің астында қалды

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін "Шымбұлақ" медициналық пунктіне жеткізілді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Құтқарушылар ер адамды көшкіннен сәтті шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгін 112-ге Алматы қаласы, Сухой трассасынан тыс аумағында ашық арқан жолының аумағында ер адамды қар көшкіні басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына дереу Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен Шымбұлақ курортының құтқарушылары жіберілді. Құтқару қызметтерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккен адам тез арада табылып, қар астынан шығарылды", – делінген хабарламада.

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін "Шымбұлақ" медициналық пунктіне жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0