Ведомство мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер орын алған Мексикадағы жағдайға байланысты сол елге барған қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ведомство мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.
— Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытуға және қауіпті жерлерге бармауға кеңес береміз, - делінген ҚР СІМ ақпаратында.