$ 497.33  586.7  6.48

Көкшетау тұрғындары газсыз отырғандарын айтып, дабыл қағуда

Газдың болмауы әсіресе балалы отбасыларға ауыр тиіп отыр.

Фото: vse42.ru
Фото: vse42.ru

Көкшетауда бірқатар көпқабатты үй тұрғындары мүлде газсыз отырғандарын айтып, дабыл қағуда. Әсіресе Тәшенов көшесі, 76 және Қошқарбаев көшесі, 89 мекенжайларындағы жағдай күрделі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың сөзінше, газ бір тәулікке де жетпейді. Бүгін таңғы сағат 9:00-де диспетчерлік қызметке хабар берілгенімен, осы уақытқа дейін көгілдір отын қайта қосылмаған. Жауапты мамандарға қоңырау шалу қиын, ал нақты түсіндіру берілмейді.

Газдың болмауы әсіресе балалы отбасыларға ауыр тиіп отыр. Тамақ пісіру мүмкін емес, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктерді өтеу қиындаған. Қыс мезгілінде мұндай жағдайдың қайталануы халықтың наразылығын күшейтіп отыр.

Тұрғындар жауапты мекемелерден газды тұрақты әрі уақтылы беруді, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің жұмысын жүйелеуді талап етеді. Коммуналдық саладағы мұндай салғырттыққа қала билігі нақты жауап беруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0