Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның жаңа сайланған Президенті Реджеп Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, кеше еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен министрліктің басшылық құрамының кезекті жұмыс жиыны өткен.
«26 тамыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украина басшыларының отырысына, сонымен бірге тамыз айының соңында Түркияның жаңадан сайланған Президенті Реджеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр», делінген хабарламада.