$ 496.85  585.54  6.49

-40 градусқа дейін аяз: Бейсенбіде ауа райы қалай құбылады

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -40°С-ге дейін қатты аяз болады деп күтіледі.

Фото: photocentra.ru
Фото: photocentra.ru

Синоптиктер алдағы бейсенбі, 2026 жылғы 26 ақпанда Қазақстан аумағы бойынша ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -40°С-ге дейін қатты аяз болады деп күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз ашық ауа райын қамтитын антициклон ықпалында болады. Республикамыздың орталығында және оңтүстік-шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруі әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі: жауын-шашын, көктайғақ, боран болады", делінеді болжамда.

Сондай-ақ, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман жатқызылады, ел орталығында, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0