01.03.2026, 11:30

Зардап шеккендер бар: Дубай әуежайына шабуыл жасалды

Фото: wikimedia

ТАСС агенттігінің мәліметінше, әмірліктің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде Дубай әуежайына Иран тарапынан соққы жасалғанын растаған.

2026 жылғы 1 наурызда БАӘ-дегі Дубай халықаралық әуежайына жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, әмірліктің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде Дубай әуежайына Иран тарапынан соққы жасалғанын растаған.

"Жақында болған оқиға салдарынан әуежай терминалдарының бірі жеңіл зақымданды. Төрт қызметкер жарақат алды, оларға дереу медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.
Тегтер: Дубай әуежай