01.03.2026, 13:30

Көкшетауда аялдамалар қирап жатыр

Фото: видеодан скрин

Жолаушыларды жел мен аяздан қорғауы тиіс нысан бүгінде сынық шыны мен шашылған қалдыққа айналған.

Көкшетау қаласының «Жайлау» шағын ауданында жылы аялдама қирап, әйнектері күл-талқан болды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жолаушыларды жел мен аяздан қорғауы тиіс нысан бүгінде сынық шыны мен шашылған қалдыққа айналған. Қоғам игілігіне орнатылған аялдаманың мұндай күйге түсуі – жай бұзақылық емес, ортақ мүлікке жасалған қиянат.

Тұрғындар «бұл бірінші жағдай емес, аялдамалар жиі сынуда» деп алаңдаулы. Егер бейнебақылау камералары орнатылып, жүйелі қадағалау болса, мұндай оқиғалар азаяр ма еді деген сұрақ туындайды. Қалада аялдамалар қирап жатқанда, әкімдік неге алдын алу шараларын күшейтіп, бақылауды нақты жолға қоймай отыр? Видео sinegor.kz