Нысанаға халықаралық әуежай, Джебель-Али порты және әйгілі «Парус» қонақүйі (Бурдж-әл-Араб) ілінгені айтылады.
Дубайда жағдай күрт шиеленісті. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, дрондар қаланың стратегиялық нысандарына соққы жасаған.
Нысанаға халықаралық әуежай, Джебель-Али порты және әйгілі «Парус» қонақүйі (Бурдж-әл-Араб) ілінгені айтылады.
Куәгерлер әуежай аумағында жарылыстар болғанын, ғимараттардың терезелері дірілдеп, кей жерлерде өрт шыққанын хабарлауда. Алдын ала мәлімет бойынша, әуежай қызметкерлері арасында зардап шеккендер бар. Қауіпсіздік қызметі адамдарды жедел эвакуациялаған.