01.03.2026, 20:30

Иранның экс-президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты

Фото: inbusiness.kz

Махмуд Ахмадинежад Иран президенті қызметін 2005 жылдан 2013 жылға дейін атқарды.  

Тегеранда жасалған әуе соққысы нәтижесінде Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Израильдің "12-арнасының" бас саяси сарапшысы Амит Сегаль Ахмадинежадтың өткен түні қаза тапқанын айтты. Сегальдың айтуынша, Иранның бұрынғы басшысы бірнеше апта бұрын мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін үйқамақта болған.

Ilna агенттігінің мәліметінше, ол Тегерандағы Нармак ауданына жасалған шабуыл салдарынан өз резиденциясында күзетшілерімен бірге қаза болған.

Махмуд Ахмадинежад Иран президенті қызметін 2005 жылдан 2013 жылға дейін атқарды.